Қазақстан мектептерінде Face ID арқылы кіру жүйесі енгізілуі мүмкін

Мектепке Face ID жүйесін енгізу ұсынылды. Фото Informburo.kz
Мектепке Face ID жүйесін енгізу ұсынылды. Фото Informburo.kz
Қазақстандағы мектептерде оқушылардың сабаққа қатысуы биометрия арқылы бақылануы мүмкін.

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Үкіметте өткен білім беру саласын цифрландыру жөніндегі кеңесте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев осындай тапсырма берген. 

Үкімет мәліметінше, биометриялық жүйе екі міндетті шешуге тиіс. Біріншіден, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейтеді. Екіншіден, оқушылардың сабаққа қатысуын автоматты түрде тіркейді.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі "Қазақтелекоммен" бірлесіп, өңірлерді Ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосуды бастайды. Платформа білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған.

Үкімет мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру тәртібін де қайта қарамақ. Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі енгізіледі.

Жаңа тәртіп бойынша әр балаға бөлінетін қаржының негізгі мөлшері ел бойынша ортақ болады. Ал өңірлердің ерекшеліктерін ескеру үшін оған түзету коэффициенттері қолданылады. Олар жергілікті шығындарды, жалақы деңгейін және әр аймақтың өзге де ерекшеліктерін есепке алуға тиіс.

Еске салайық, Алматы облысындағы №3 арнайы мектеп-интернатының директоры мен оның сыбайластары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. 
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау