Ораза қазасын өтеуге 3 ай уақыт қалды. Қарыз оразаны қандай кесте бойынша ұстайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ораза қарызы келер Рамазан айына дейін өтелуі тиіс. Бірақ, кешіктірмеген абзал.

2027 жылы Рамазан айының алғашқы күні 8 ақпанға сәйкес келеді. Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2027 жылға әзірлеген діни күндер кестесінде бекітілген. 

Осыған орай, дін мамандары 2026 жылғы не оған дейінгі оразаның қаза күндерін 2027 жылғы 8 ақпанға дейін өтеуге кеңес береді. 

Мамандардың түсіндіруінше, Ханафи мәзһабында Рамазан оразасының қазасын өтеу уақыты шектелмеген. Яғни, келесі Рамазан айына дейін немесе одан кейінгі уақытта да өтеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, уақытты созбай тезірек өтеген жөн.

Еске салайық, Рамазан айынан кейін оразаның қазасын өтейтін адам күнделікті намаз кестесін негізге алады. Таң намазы кірген уақыт – ауыз бекіту уақыты, сол уақытқа дейін сәресін ішіп-жеуге рұқсат.  Ал ақшам намазы уақытының кіруі ауыз ашар уақытын білдіреді.

Қаза оразасының арнайы ниет-дұғасы жоқ. Мәсәлен былай ниет етуіне болады: "Ниет еттім Алла ризалығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған пәлен күндік (мысалы, алты күндік) қаза оразаның бірінші күнін (немесе екінші, үшінші) өтемекке".

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау