Биыл Жапонияда өткен Азия ойындарында жеңіске жеткенімен, аяқ киімінің талаптарға сай болмауына байланысты Азиада алтынынан айырылып қалған қазақстандық атлет Ясмина Тоқсанбаева бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Пәтер федерация мен демеушілер атынан сыйға берілді.
Кеше мемлекет басшысы Ясмина Тоқсанбаеваны "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады.
Еске салайық, Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева марафондық спорттық жүрістен мәреге бірінші болып жетсе де, кейін нәтижесі жойылып, жүлдесіз қалды.
"Мен алтынға сараң жанмын, ол – біздің алтын". Ольга Рыпакова Ясмина Тоқсанбаеваның жарыстан шеттетілуі жайында
Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды