Қазақмыс "Жомарт" кенішін жаңа Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады

Epiroc бұрғылау қондырғысы. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Epiroc бұрғылау қондырғысы. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Ол теспені механикаландырылған тәсілмен бұрғылау үшін пайдаланылады.

"Қазақмыс" тобына кіретін "Жомарт" кенішіне кен өндіру жұмысына арналған жаңа Epiroc Boomer M1 өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы жеткізілді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Заманауи техника кенжарды жарылыс жұмысына дайындау барысында теспені механикаландырылған тәсілмен бұрғылау үшін пайдаланылады.

Қондырғы белгіленген схема бойынша бұрғылау жүргізуге мүмкіндік беретін гидравликалық перфораторы бар бұрғылау жебесімен жабдықталған. Негізгі операциялардың механикаландырылуы бұрғылау жұмысының қажетті дәлдігін қамтамасыз етіп, тау-кен қазбаларын үңгілеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңа техниканың жеткізілуі – "Қазақмыс" корпорациясының тау-кен шахта жабдықтарын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмысының бір бөлігі. 2026 жылы жабдық сатып алуға 21,1 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде 21 бұрғылау қондырғысын сатып алуға 4,65 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ жыл соңына дейін жерасты геологиялық барлау жұмысына арналған үш Diamec PHC 4 бұрғылау қондырғысы жеткізіледі деп күтілуде.

Техникалық паркті жаңарту жабдықтардың сенімділігін арттыруға, өндірістік үдерісті механикаландыруға және жер асты тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау