Астанада аяз, Алматыда қар аралас жаңбыр. Үш күндік ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы. Фото: Depositphotos.com
Ауа райы болжамы. Фото: Depositphotos.com
Алматы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы көтеріледі.

Алдағы үш күнде Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Астанада түнде 5 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі. Ал Шымкентте күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 11 градусқа дейін жетеді. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

12 қарашада елордада құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Таңертең және күндіз аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы -3…-5 градус, күндіз -1…+1 градус аралығында сақталады.

13 қарашада жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы болады.

14 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге дейін күшейеді. Түнде -2…-4 градус, күндіз +1…+3 градус болады.

12 қарашада Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы 0…-2 градус, күндіз +5…+7 градус аралығында болады.

13 қарашада жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Түнде -2…-4 градус аяз, күндіз +5…+7 градус жылы болады.

14 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде -3…-5 градус, күндіз +5…+7 градус күтіледі.

Ал Шымкентте 12 қарашада жауын-шашын болмайды, кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде -1…-3 градус аяз, күндіз +6…+8 градус жылы болады.

13 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге дейін жетеді. Түнде -1…-3 градус, күндіз +7…+9 градус болады.

14 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде -1…-3 градус аяз, күндіз ауа температурасы +9…+11 градусқа дейін көтеріледі.
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау