Қазақстанда доллар бағамы 1,3 теңгеге арзандады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
KASE-дегі доллар бағамы 447,52 теңгеге дейін түсті.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,3 теңгеге төмендеп, 447,52 теңге болды.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 448,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:

  • Доллар: сатып алу – 445 теңге, сату – 452,06 теңге;
  • Еуро: сатып алу – 498 теңге, сату – 508 теңге;
  • Рубль: сатып алу – 5,11 теңге, сату – 5,31 теңге.

Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 447,71 теңгеден сатып алынып, 449,44 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның бағамы 500,51–504,80 теңге аралығында. Рубль 5,18–5,29 теңгеден саудаланып жатыр. 

Еске салайық, 10 қараша кешке Алматыда басталған жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін жалғасады.
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау