20 шілде – Халықаралық шахмат күні қарсаңында белгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жас та дарынды шахматшыларға атаулы шәкіртақы тағайындағанын хабарлады.
Шәкіртақы бір жыл бойы, айына 100 мың теңгеден төленеді.
"Елімізде шахматқа қызығушылық артып келеді. Алайда, көптеген талантты балалардың үлкен спорттағы жетістігіне қаржылық мүмкіндік кедергі келтіреді. Сондықтан бұл шәкіртақы жыл сайын ең дарынды әрі болашағынан зор үміт күттіретін жас шахматшыларға табысталатын болады", – деп жазды ол.
Алғашқы шәкіртақыны Атырау облысының 9 жастағы шахматшысы Ермұхан Саламат иеленді.
Ол бір жыл бойы ай сайын 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Қаражат оның оқуына, жарыстарға қатысуына және кәсіби дамуына жұмсалады.
Шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде жеңіске жетті
Бір шахматшыға 388 млн теңге аз ба, көп пе? Шахматшы Бибісараның "бюджеті" неге дау тудырды