Миллион теңгелік кәуап? Алматыда дәмханаларға экологиялық талаптар түсіндіріліп, айыппұл салынды

Кәуапхана. Фото: Алматы әкімдігі
Кәуапхана. Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда дәмхана иелеріне көмір мен отын жағуға қатысты талаптар ескертілді.

Алматыда "Алматы – таза ауа" экологиялық акциясы аясында Түрксіб ауданындағы дәмхана, кәуапхана, дүкен және өзге де коммерциялық нысандар тексерілді. "Eco Almaty" ЖШС мамандары кәсіпкерлерге отын түріне, мангал пайдалануға және ауаны тазарту жүйелеріне қойылатын талаптарды түсіндірді. Тексеріс кезінде дәмханалардың біріне көріктендіру қағидаларын бұзғаны үшін 20 АЕК айыппұл салынды.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мамандар қоғамдық тамақтану орындарын аралап, кәсіпкерлерге көмір мен ағаш отынның орнына газ немесе электр жабдықтарын пайдалануға кеңес берген. Қатты отын жағылған кезде ауаға түтін, күйе және зиянды заттар тарайды. Бұл жақын маңдағы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

"Санитариялық қағидаларға сәйкес, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында қатты отынмен жұмыс істейтін мангалдар мен тандырларды пайдалануға тыйым салынған. Тағам дайындау үшін газ немесе электр жабдықтары, сондай-ақ түтін мен иісті сүзетін желдету жүйелері қолданылуға тиіс. Алматы мәслихаты 2025 жылғы 30 желтоқсанда бекіткен атмосфералық ауаны қорғау қағидаларында да қосымша шектеулер қарастырылған. Құжат бойынша газдандырылған аумақтардағы шығарындылары төмен аймақтарда (LEZ) өндірістік мақсатта қатты және сұйық отын жағуға болмайды. Бұл талаптар 2027 жылғы қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал LEZ аумағындағы өзге шектеулер қала әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданып, аймақтың тұрақты шекаралары белгіленгеннен кейін қолданылады", – делінген хабарламада. 

Кәсіпкерлерге жыл соңына дейін табиғи газға көшіп, экологиялық талаптарды сақтау ұсынылды. Тексеріс кезінде дәмханалардың бірінде Алматы қаласын көріктендіру қағидалары бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

2026 жылғы 10 қарашадағы мәлімет бойынша, қалада көріктендіру қағидаларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 миллион 211 мың теңге болатын 11 әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану орындарымен бірге басқа да саладағы ұйымдар бар.

"Алматы – таза ауа" экологиялық акциясы қаланың барлық ауданында жалғасып жатыр.

Еске салайық, алдағы үш күнде Алматы мен Шымкентте жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау