Қазақстан Үкіметі Ұлттық пантеонға жерленуі мүмкін адамдардың тізімін кеңейтті. Тиісті өзгерістер қаулымен бекітілді. Жаңа ережелер 17 қарашадан бастап күшіне енеді.
Тізімге төменде аталған лауазымды тұлғалар қосылды:
- Қазақстанның вице-президенттері;
- Құрылтай төрағалары мен олардың орынбасарлары;
- Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары мен олардың орынбасарлары;
- Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары.
Министрлер, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың және астананың әкімдері бұл тізімге бұған дейін де енгізілген.
Сонымен қатар тізімде президенттер мен олардың отбасы мүшелері, премьер-министрлер мен олардың орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік орган басшылары, ережеде көрсетілген атақтар мен ордендердің иегерлері бар. Президенттің арнайы шешімімен Ұлттық пантеонға Қазақстанның басқа да азаматтары жерленуі мүмкін.
Жерлеу рәсімін марқұмның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бастамасымен әкімдіктер ұйымдастырады. Шешім қабылдау кезінде марқұмның өз қалауы немесе отбасының тілегі ескеріледі.
Пантеонда өз бетінше жерлеуге, отбасылық кесене салуға және мәйітті қайта жерлеуге тыйым салынады.
Ұлттық пантеон көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, ғылым мен мәдениет өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтардың есімін мәңгі есте қалдыруға арналған.
ҚР президенттерінің отбасы мүшелері Ұлттық пантеонда жерленетін адамдар тізімінен сызылады
Депутат Кенесары ханның бас сүйегін Қазақстанға қайтарып, Ұлттық пантеонда жерлеуді ұсынды