Марқұмның жетісі мен қырық күндік асын беру дұрыс па? ҚМДБ жауабы

Қаза – дүниелік қызықтың немесе орынсыз әңгіме мен ойын-сауықтың уақыты емес. Фото: Depositphotos.com
Қаза – дүниелік қызықтың немесе орынсыз әңгіме мен ойын-сауықтың уақыты емес. Фото: Depositphotos.com
Мұндай рәсімдер шариғатта міндеттелмеген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері Медет Құрмашұлы марқұмның жетісі, қырқы және жылдық асын өткізу туралы түсініктеме берді.

Оның түсіндіруінше, Исламда мұндай міндеттемелер жоқ, бірақ оған тыйым да салынбаған. Бастысы, қазалы жиын дүниелік әңгіме, ойын- сауық, бәсеке мен даңғазаға айналмауы тиіс. Оған қоса, марқұмға дұға жасауы мақсатындағы жиындарды ысырапсыз, мақтансыз өткізген абзал.

"Марқұмның атынан ас беру рұқсат етілген іс болғанымен, шариғатта міндетті түрде мал сойып, қарызданып немесе үлкен дастарқан жаюды талап етпейді. Ас берілетін болса, ол отбасының жағдайына қарай, ысырапсыз және мақтаннан аулақ түрде ұйымдастырылғаны дұрыс. Марқұмның атынан жасалатын сауапты істердің  түрі көп. Мысалы, садақа беру, мұқтаж адамдарға жәрдемдесу, игі іс жасау, марқұмға дұға ету және т.б. Мұндай сауапты істерді белгілі бір күнге байламай, кез келген уақытта адамның шамасына қарай жасауға болады", – деді Медет Құрмашұлы. 

Қаза – дүниелік қызықтың немесе орынсыз әңгіме мен ойын-сауықтың уақыты емес. Бұл – марқұмды еске алып, оған дұға жасау, жақындарына көңіл айту, сабырға шақыру және қайғысына ортақтасу үшін бас қосатын кез.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау