Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы 3 бекетте жаңа талап енгізілді

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы 3 бекетте жаңа талап енгізілді. Фото: Depositphotos.com
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы 3 бекетте жаңа талап енгізілді. Фото: Depositphotos.com
Жүк тасымалдаушылар электрон кезекке тұру үшін 20 АЕК төлеуі керек.

9 қарашадан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы үш өткізу бекетінде халықаралық жүк тасымалдаушылар электрон кезекке тіркелу үшін 20 АЕК мөлшерінде кепілдік жарна төлеуі керек. Жаңа талап "Қазығұрт", "Б. Қонысбаев" және "Атамекен" бекеттерінде қолданылады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаменті

Электрон кезектен орын брондау үшін тасымалдаушының арнайы электрон шотында 20 АЕК мөлшерінде қаражат болуы қажет. Егер жүк көлігі өткізу бекетіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік жарна автоматты түрде толық көлемде қайтарылады.

Ал тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет белгіленген уақытта бекетке келмесе, жарна қайтарылмайды. Бұл қаражат мемлекеттік бюджетке аударылады.

Жаңа талап не үшін енгізілді?

Департаменттің мәліметінше, жаңа тәртіп шекара бекеттерінде жасанды кезектің пайда болуына жол бермеуге және халықаралық жүк тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ведомство тасымалдаушыларды сапарларын алдын ала жоспарлап, электрон кезекке тіркелу талаптарын сақтауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау