"Бала туу азайып, қарыз өсіп жатыр". Мұрат Әбенов Үкіметке сауал жолдады

4 жылда тұтынушылық несие 2,7 есе өссе, дүниеге келген балалар саны 25 пайызға азайды. Фото: Depositphotos.com
4 жылда тұтынушылық несие 2,7 есе өссе, дүниеге келген балалар саны 25 пайызға азайды. Фото: Depositphotos.com
Ол демографияның дамуына "Қарыз контрацепциясы" кедергі болып отыр деп есептейді.

Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов Қазақстанда 2021 жылдан бері бала туу көрсеткіші азайғанын, есесіне тұтынушылық несие алу деңгейі артқанын алға тартып, Үкіметке сауал жолдады. 

Мұрат Әбеновтің айтуынша, төрт жылдың ішінде тұтынушылық несие көлемі шамамен 2,7 есе өссе, дүниеге келген балалар саны шамамен 25 пайызға азайған.

Осы екі көрсеткіштің арасынан байланыс іздеген Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі бұл мәселені Үкімет зерттеуі қажет деп есептейді. 

"Әрине, бала туу тек кредиттен азайды деу дұрыс емес. Демографияға жұмыс, табыс, баспана, балабақша, көші-қон, әйелдердің жұмыспен қамтылуы, отбасылық құндылықтар сияқты көптеген фактор әсер етеді. Бірақ 2021 жылдан бері қарыздың тұрақты өсуі мен бала туу көрсеткішінің жыл сайын төмендеуі Үкіметті осы байланысты арнайы зерттеуге міндеттейді", – деді Мұрат Әбенов. 

Ол мысал ретінде қарапайым жас отбасының жағдайын алған.

"Екеуі де жұмыс істейді. Пәтер жалдайды немесе ипотека төлейді. Тұтынушылық кредиті бар. Бірінші бала дүниеге келеді. Шығын көбейеді. Ата-ананың біреуінің табысы уақытша азаюы мүмкін. Ал банкке төлейтін ай сайынғы төлем сол күйінде қалады. Осындай жағдайда екінші немесе үшінші бала туралы шешім қабылдағанда отбасы нені бірінші есептейді? Балаға кететін шығынды ма? Әлде келесі айдағы кредит төлемін бе? Осы құбылысты шартты түрде "қарыз контрацепциясы" деп атауға болады. Медициналық кедергі жоқ. Бала сүюге ниет бар. Бірақ, отбасылық бюджетте келесі балаға орын азайып барады", – деді Мұрат Әбенов.

Осы ретте ол бала дүниеге келген сайын жас отбасының қарыз жүктемесін азайтуды ұсынды:

  • Бірінші бала туған кезде отбасының табысы төмендесе, 6 немесе 12 айлық кредиттік демалыс беру керек.
  • Екінші бала туған кезде ипотеканың негізгі қарызының бір бөлігін мемлекет өтеу керек.
  • Үшінші бала туған кезде қолдауды одан әрі күшейту қажет.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау