2027 жылы Сауд Арабиясы 2,8 миллионға жуық қажы қабылдауды жоспарлап отыр

2027 жылы Сауд Арабиясы 2,8 миллионға жуық қажы қабылдауды жоспарлап отыр. Фото: Depositphotos.com
2027 жылы Сауд Арабиясы 2,8 миллионға жуық қажы қабылдауды жоспарлап отыр. Фото: Depositphotos.com
Олардың ішінде қазақстандықтардың үлесі 4300 адам болмақ.

Сауд Арабия Корольдігі алдын ала болжам бойынша 2027 жылы бүкіл әлемнен 2,8 млн қажыны қабылдауды жоспарлап отыр. Олардың ішінде 500 мыңы Меккеге Сауд Арабиясының өзінен келмек. Бұл туралы Жиддада өтіп жатқан Hajj Conference & Exhibition 2026 халықаралық конференциясында хабарланды. 

Салыстырар болсақ, 2025 жылы әлемде 1,67 млн адам қажылық парызын орындаған болатын. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 1,7 миллионға дейін өсті. Сәйкесінше, Сауд Арабиясы 2027 жылы биылғы көрсеткішке қоса тағы миллионнан адамға қажылық квотасын беруді жоспарлап отырғанын байқауға болады. Дегенмен, ресми статистика тек квота бөлу маусымы аяқталғаннан кейін ғана нақты белгілі болады. 

Еске салайық, Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлді. 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп қазақстандық 4 туроператор ғана танылды. Олар: "Атлас Туризм" ЖШС, "Нұрхан Тревел" ЖШС, "Тауаф Тревел" ЖШС, "Хикмет Тревел" ЖШС. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау