АИ-92 бағасы неге әр бекетте әртүрлі

Бензин. Фото: Depositphotos.com
Бензин. Фото: Depositphotos.com
Қазақстан Ресей мен Тәжікстанға бензин экспорттауды жоспарлап отыр.

Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бір қаланың өзінде жанармай құю бекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұны бекеттердің шығыны мен нарықтағы бәсекеге байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, мемлекет соңғы екі жылда жанармай бағасын реттемейді, алайда бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін шара қабылдауы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Министрдің айтуынша, қазір бір қаладағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі 253 теңгеден 271 теңгеге дейін сатылуы мүмкін. Баға айырмашылығы әр стансаның шығынына байланысты қалыптасады: тұтынушы тартуды көздеген бекеттер отынды арзанырақ ұсынса, шығыны жоғары нысандар бағаны көтереді.

Ақкенженов мұны нарықтық бәсекенің көрінісі деп бағалады. Сондай-ақ жанар-жағармай құны ішкі сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасатынын еске салды. Министр келесі жылы бағаның қалай өзгеретінін нақты болжау қиын екенін айтты. Дегенмен жанармай бағасы шамадан тыс қымбаттаса, мемлекет оны тежеуге күш салмақ.

Қазақстан бензинді шетелге де жеткізіп жатыр

Министрдің айтуынша, 2026 жылдың жазынан бері Қазақстан Ресейге шамамен 8 мың тонна бензин экспорттаған. Алдағы уақытта Ресейге ай сайын 10–15 мың тонна отын жеткізу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, қараша айында Тәжікстанға 20 мың тонна АИ-92 маркалы бензин экспорттау жоспарланған. Бұл туралы Ерлан Ақкенженов 10 қарашада Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді.

"Жаздан бері Ресейге 8 мың тоннадай бензин жеткізілді. Біз ай сайын Ресейге 10–15 мың тонна отын экспорттауды жоспарлаймыз. Жалпы, Қазақстанға бұл бағыт қажет. Себебі көрші елдермен баға айырмашылығы 50–100 пайызға дейін жетеді. Демек, шығын толық ақталады. Сондықтан мұнай өнімдерін жеткізуде қиындық жоқ. Отын нарықтық бағамен сатылады", – деді министр.

Еске салайық, 2021 жылдың басынан бері АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 64%-ға, ал соңғы бір жылда 8%-ға қымбаттады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау