Бауырсақ, шай, палау. Құдайы астың мәзірінде не болу керек

Садақада сусыннан шай мен су, ыстық тағамнан ет немесе палау берілгені абзал. Фото: Depositphotos.com
Садақада сусыннан шай мен су, ыстық тағамнан ет немесе палау берілгені абзал. Фото: Depositphotos.com
ҚМДБ садақа жасағанда "Ас беру мәдениеті" құжатын басшылыққа алуға кеңес береді.

Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлы Қазақстанда ас бергенде қандай мәзір әзірлеу қажеттігін түсіндірді. Оның айтуынша, Марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау, мұқтажға көмектесу, жетімнің көңілін жұбату – сауапты істер. Алайда елден қалмау үшін қарызға батып, дастарқанды шамадан тыс жаю – діндегі көзқарасқа қайшы келетін амал.

"Ас беру мәдениеті" құжатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылы қабылдаған. Дегенмен, ас беруде бұл құжатты басшылыққа алмай, әлі де ысырапшылыққа жол беріп жатқандар көп. 

"Бұл нұсқаулықтың да негізгі мақсаты – ас мәзірін қарапайымдандыру арқылы артық шығын мен ысыраптың алдын алу. Сонымен қатар аталған талапты тек тағам түрін шектеу деп түсінбеу керек. Оның астарында ағайынның бірлігін сақтау, қаралы шаңыраққа қолдау көрсету және ас берудің негізгі рухани мәнін жоғалтпау идеясы жатыр", – деп түсіндірді Нұрбек Әуесханұлы. 

Оның сөзінше, жаназа мен құдайы асқа арналған бірыңғай мәзірде нан өнімдерінен бауырсақ пен шелпек, сусыннан шай мен су, ыстық тағамнан ет немесе палау ұсынылады. Қосымша ретінде сары май, тары-талқан, қант пен кәмпит қарастырылған.

"Ас бергенде дастарқанның сәніне емес, дұғаның шынайылығына, жиналған жұрттың өзара ынтымағына және жасалған жақсылықтың нәтижесіне мән берген жөн", – деді елорданың бас имамы.

Еске салайық, таяуда бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы да бүгінде құдайы астардағы дастарқан мәзірі тойдыкінен кем емес екенін айтып, мұндай ысырапшылықты сынға алған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау