Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 444,76 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 447,52 теңге.
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы бағам
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 495 теңге, сату бағамы – 505 теңге. Ал рубль 5,07 теңгеден сатып алынып, 5,27 теңгеден сатылуда.
Алматыда доллар орта есеппен 445,39 теңгеден сатып алынып, 447,26 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 495,91–500,73 теңге аралығында болса, рубль 5,13–5,25 теңге шамасында саудалануда.
Еске салайық, 2021 жылдың басынан бері АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 64%-ға, ал соңғы бір жылда 8%-ға қымбаттады.