Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейді. Бізде баға арзан ба, сапа жақсы ма

2025 жылы Қазақстанда 4488 шетелдік азамат ем алған. Фото: Depositphotos.com
2025 жылы Қазақстанда 4488 шетелдік азамат ем алған. Фото: Depositphotos.com
2025 жылы Қазақстанда 4488 шетелдік азамат ем алған.

Қазақстанда емделуге келетін шетелдік науқастардың көбеюіне байланысты медициналық туризмді дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Құрылтай депутаттарына берген жауабында айтылған. 

Статистика бойынша, 2025 жылы Қазақстанда 4488 шетелдік науқас ем алса, олардың басым бөлігі – 2685 адам Алматыға келген. Сондай-ақ, Астанаға келген шетелдік науқастар саны 1396 болса, Шымкентке 300 адам келді. 

Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда шетелдіктер арасында жоғары сұранысқа ие бағыттардың тізбесі айқындалған. Олар:

  • кардиохирургия;
  • онкология;
  • трансплантология;
  • репродуктивті медицина;
  • ортопедия;
  • офтальмология;
  • стоматология;
  • медициналық оңалту. 

"Бұл ретте бірқатар бағыттар бойынша мамандардың біліктілік деңгейі және клиникалардың жарақтандырылуы жетекші шетелдік орталықтардан еш кем емес, ал Қазақстанда емделу құны Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Корея және Парсы шығанағы елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Сонымен қатар қолданыстағы заманауи жоғары технологиялық көмек көрсету жүйесінің базасында елімізде Орталық Азияның бірыңғай медициналық хабы қалыптастырылуда", – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Қазақстанның 10 медициналық ұйымы JCI халықаралық аккредитациясына ие, олардың жетеуі Астанада, үшеуі Алматыда орналасқан. Сондай-ақ, қолданыстағы заманауи жоғары технологиялық көмек көрсету жүйесінің базасында елімізде Орталық Азияның бірыңғай медициналық хабы қалыптастырылуда.Аталған хаб Қазақстанды көршілес мемлекеттер үшін озық медициналық қызметтер мен инновациялардың өңірлік орталығы ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау