Алматы облысында мектеп директоры мен орынбасары бюджет ақшасын жымқырған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Лауазымды тұлғалар сотталды.

Алматы облысындағы №3 арнайы мектеп-интернатының директоры мен оның сыбайластары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Олар жалған қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған болып көрсетіп, мемлекетке 5,8 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы. 

Прокуратура мәліметінше, мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері адамдарды мекемеге іс жүзінде жұмыс істемесе де, қызметке қабылдаған болып рәсімдеген. Осылайша, олардың атынан төленген жалақыны иемденген.

"Прокуратура материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне сотталды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісінің бірнеше жыл бойы ақша жымқырғаны анықталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау