Қазақстандық киберфутболшы АҚШ-та ел намысын қорғайды

 Киберфутболдан ел чемпионы Тимур Рахишов. Фото: Денис Клеро
Киберфутболдан ел чемпионы Тимур Рахишов. Фото: Денис Клеро
Тимур Рахишов 2027 жылы Майамиде өтетін әлемдік финалға қатысады.

Алматыда өткен Red Bull Wings Cup Kazakhstan 2026 киберфутбол турнирінің ұлттық финалында Тимур Рахишов жеңіске жетті.

Ол финалға қатысқан төрт ойыншының арасында үздік атанды. 

Енді алда оны 2027 жылғы қаңтарда АҚШ-тың Майами қаласында өтетін әлемдік финал күтіп тұр. Оған 80 елдің үздік ойыншылары қатысады. 

Тимур Рахишов бала кезінен киберфутболға әуес болып, кейін әуесқой жарыстардағы жолын кәсіби мансапқа ұластырған. Ол Nomad Venture Studio компаниясында әзірлеуші болып жұмыс істейді. Тимур Рахишовтың жетістіктерінің қатарында Setanta Pro League 2019 турниріндегі жеңісі, Students League 2025 чемпиондық атағы, Games of the Future 2026 ұлттық іріктеу кезеңіндегі жеңісі және GOTF Contenders 2026 турниріндегі бірінші орын бар. 

Сондай-ақ биыл ол ACF құрамында Games of the Future жарысының үздік 5-8 ойыншысының қатарына енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау