729 қазақстандық әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқан

Әлеуметтік төлем. Фото: Gov.kz
Әлеуметтік төлем. Фото: Gov.kz
Әлеуметтік төлемдерден бас тарту сервисін 729 адам пайдаланған.

Екі айға жетпейтін уақытта 729 азамат мемлекеттен алатын әлеуметтік төлемдерін өз еркімен тоқтатуға өтініш берген. Бұл мүмкіндік қазанда іске қосылған цифрлық сервис арқылы қолжетімді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, "Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту" сервисін 729 қазақстандық пайдаланған. Олар өздеріне тағайындалған әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алудан ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Ведомство мұны әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзара ынтымақтастықтың көрінісі деп бағалайды. Министрліктің түсіндіруінше, өзін және отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартуды жөн көрген.

Министрлік мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақының 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына негізделеді. Яғни көмек бірінші кезекте оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталады. 

"Әлеуметтік төлемдерден бас тарту сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жекелеген әлеуметтік қолдау түрлерінен бас тарту туралы электрондық өтініш бере алады.Министрлік әлеуметтік төлемдерден бас тарту азаматтардың міндеті емес екенін, бұл тек өз еркімен қабылданатын шешім екенін атап өтті. Сервис, ең алдымен, материалдық жағдайы жақсы, отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға арналған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар адамның өмірлік жағдайы өзгерсе, ол тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш бере алады. Мұндай өтініштер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралады.

Айта кетейік, Ұлттық банк банктік емес компаниялар арқылы рәсімделген бөліп төлеу қарыздарын да кредиттік тарихқа енгізуді ұсынды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау