Астанада қандай тегін үйірмелер бар және оларға қалай жазылуға болады

Балалар бадминтон ойнап үйреніп жатыр. Фото: Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Балалар бадминтон ойнап үйреніп жатыр. Фото: Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Баланы үйірмелерге қабылдау жас мөлшері таңдалған спорт түріне байланысты белгіленеді, ал кейбір секцияларға балаларды 5-6 жастан бастап тіркеуге болады.

Бүгінде елордада 10 мемлекеттік спорт мектебі жұмыс істейді. Оларда 7 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін жаттығып жүр. Осы тегін үйірмелерге жазылуға болатын мектептердің мекенжайы мен байланыс нөмірін ұсынамыз. 

Қалалық спорт мектептері жүйесіне мыналар кіреді: 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі; 2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі; 6 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Осы мектептерде спорттың 51 түрі дамып жатыр, оның 39-ы – олимпиадалық спорт түрлері. Балалар гимнастикасы, футбол, жекпе-жек, жүзу, жеңіл атлетика, қысқы және жазғы спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық ойындар бойынша тегін дәріс ала алады.

Баланы үйірмелерге қабылдау жас мөлшері таңдалған спорт түріне байланысты белгіленеді, ал кейбір секцияларға балаларды 5-6 жастан бастап тіркеуге болады. Оқушыларды негізгі қабылдау мен іріктеу кезеңі дәстүрлі түрде тамыз және қыркүйек айларында өтеді. Іріктеу барысында баланың жасы, дене дайындығының деңгейі, жеке қабілеттері мен таңдаған спорт түрінің арнайы талаптары толық ескеріледі. Ал қабылдау мерзімдері мен іріктеу шарттары туралы толық ақпарат Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында, сондай-ақ спорт мектептерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Астана қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тізімі

№1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Көркем гимнастика, батут гимнастикасы, спорттық гимнастика, спорттық құзға өрмелеу;
  • Мекенжайы: А. Жангелдин көшесі, 9А ("Жеңіс" спорт кешені);
  • Байланыс телефондары: +7 (7172) 28-25-61, +7 (7172) 31-85-05;
  • Сайты: sportmektep1.kz.

№2 Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Биатлон, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек;
  • Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 47 ("Алау" мұз сарайы);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 57-16-13;
  • Сайты: astanawintersport.kz.

№3 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Бокс (ерлер мен әйелдер), еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, әйелдер күресі, WT таеквондосы, асық ату, алыш белбеу күресі, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, джиу-джитсу, WKF каратэ, кикбоксинг, муайтай (тай боксы), самбо, ушу;
  • Мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 60;
  • Байланыс телефоны: +7 771 371 2629;
  • Сайты: sm3.govs.kz.

№4 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Академиялық есу, артистік жүзу (синхронды жүзу), су добы, байдарка мен каноэде есу, жүзу, суға секіру;
  • Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 2 ("Толқын" спорт кешені);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 36-93-50;
  • Сайты: sdusshor4.ful.kz.

Оқи отырыңыз: Алматыда тегін үйірмелер қайда бар және оларға қалай жазылуға болады


№5 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Баскетбол, волейбол (классикалық волейбол), гандбол, регби;
  • Мекенжайы: Баршын көшесі, 30/2 ("Көктал" дене шынықтыру-сауықтыру кешені);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 91-84-56;
  • Сайты: astana5.bilim.edu.kz.

№6 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Велосипед спорты (маунтинбайк, трек, тасжол), триатлон;
  • Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 45А ("Сарыарқа" велотрегі);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 24-92-27;
  • Сайты: elordaastana.ful.kz.

№7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Жеңіл атлетика;
  • Мекенжайы: Тұран даңғылы, 59 ("Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешені);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 57-56-13;
  • Сайты: sportmekteby7.kz.

№8 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Футбол, әйелдер футболы, футзал;
  • Мекенжайы: Кенесары көшесі, 14 (Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион);
  • Байланыс телефоны: +7 701 194 1777;
  • Сайты: 8sm.kz.

№9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Бадминтон, үстел теннисі, нысана көздеп ату, қазіргі бессайыс, стенд ату, садақ ату, ауыр атлетика, семсерлесу;
  • Мекенжайы: Т. Шевченко көшесі, 8/1;
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 30-36-54;
  • Сайты: dussh9.kz.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалардың спортқа бейімділігін ерте анықтауға бағытталған бірлестік құрылды


№10 Шайбалы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

  • Спорт түрлері: Шайбалы хоккей, әйелдер шайбалы хоккейі;
  • Мекенжайы: Қажымұқан көшесі, 9 ("Барыс" спорт кешені);
  • Байланыс телефоны: +7 (7172) 26-61-77;
  • Сайты: sk.hc.astana.tilda.ws.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау