Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,76 теңгеге өсіп, 448,98 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 447,14 теңге.
Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 446 теңгеден сатып алынып, 453 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 499 теңге, сату бағамы – 509 теңге. Ал рубль 5,13 теңгеден сатып алынып, 5,33 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 449,01 теңге, сату бағамы – 450,73 теңге. Еуро 500,05–504,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алматыда Ресей валютасы 5,19 теңгеден сатып алынып, 5,29 теңгеден сатылуда.