Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев мемлекеттің позициясын жеткізеді

13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді.

Ертең, 13 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр. 

"Жиын барысында Президент "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді", – деді ол. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау