Қазақ тілін қолдау қорына 824 млн теңге жиналды. Қандай жұмыстар атқарылуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президентке "Қазақ тілі" қоғамы қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша мазмұнды байыту және жаңа технологиялар саласында тілдің қолданыс аясын кеңейту секілді үш негізгі бағыт бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқаны жөнінде баяндалды.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында көлемі 14 миллиард токен болатын мәтін корпусы қалыптасты және 12 мың сағат аудиожазба жинақталды. 

Сондай-ақ, соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шықты. 

Qazaq Tili Endowment қорына түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жетті.

"Мемлекет басшысы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жоспарлары табысты болуына тілектестік білдірді.  Президент мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті", – делінген ресми хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау