Қазақстан ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінген Өзбекстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Kyzdar.net сайты арқылы жезөкшелерді жарнамалап, түскен ақшаның бір бөлігін алып отырған, деп хабарлайды Бас прокуратура
Бас прокуратураның мәліметінше, әйел ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, сайт арқылы көрсетілген қызметтерден түскен табыстан өз үлесін алып отырған. Қалған ақшаны жезөкшелерге арналған сайт әкімшілеріне аударған. Осылайша, жеңгетайлықпен тұрақты айналысқан деген күдік бар.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі бұған дейін түрлі мерзімге сотталған. Ал кейбірі, соның ішінде күдікті әйел де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін шетелге кеткен. Оларға халықаралық іздеу жарияланған. Биыл шілдеде Өзбекстан азаматы Грузияда ұсталды. Кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта әйел тергеу изоляторына қамалған. Бас прокуратураның мәліметінше, оған тағылған айыптар бойынша мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, Алматыда метроның бірінші желісінің үшінші кезегін салу жұмыстарына байланысты Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы өзгереді.