Министрдің айтуынша, базардағы малдың үстінен қосатын бағалар ведомтсво құзыреттілігіне жатпайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі базардағы ет бағасына жауап бермейді. Бұл туралы министр Ербол Қарашөкеев Сенат кулуарында айтты.
"Базардағы ет бағасына біз жауап бермейміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі ет болсын, көкөніс болсын, қажетті мөлшерде өңдеп шығаруға жауапты. Базардағы мал бағасының үстінен қосатын құнды реттеу құзыреттілігімізге жатпайды", – деді министр.
Ербол Қарашөкеев бұл мәселені басқа министрлікпен бірігіп, шешу керек екенін айтты. Министрлік оған көмектесуге дайын екенін де атап өтті.
"Негізі ауыл шаруашылығындағы көтерме баға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бағасы тұрақты. Оларда асып бара жатқан табыс та жоқ, шыны керек. Сол себептен квота енгізу соларға көмектесу мақсатында жасалып жатқан мәселе", – деді министр.
Оқи отырыңыз:
- Қарашөкеев: Ветеринария бойынша биолог білім береді, бұл дұрыс емес
- Ет бағасы екі аптада 200 теңгеге қымбаттады
Ауыл шаруашылығы министрі қазір ведомствоаралық комиссияның шешімімен 60 мың бас ірі қара пен 120 мың бас ұсақ малды экспорттауға рұқсат беруді қарастырып, шешімін қарастырылып жатқанын айтты.
"Қазір ішкі нарықта еттің бағасы тірідей салмақты алған кезде – 700-800 теңге. Өзбек бауырларымыз 1300-1350 теңгеден көрсетіп жатыр. Ол ішкі нарыққа әсер етпейді. Ол біздің шаруаларға шетелден қосымша табыс табуға мүмкіндік береді", – деді министр.
Ербол Қарашөкеев Қазақстан мал етін негізінен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сынды елдерге экспорттайтынын айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
245
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
227
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
241
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
242
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
245
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
241
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
223
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
236
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
223
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
217
-
0
-
0
-