Министр кей университеттерде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша біліктілігі келмейтін мамандар білім беретінін сынға алды.
Ауыл шаруашылығы кадрларын дайындау мәселесі қайта қаралады. Бұл туралы Сенат отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім алған студенттердің көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
"Біздің ұлттық білім беру орталығының қарамағында үш үлкен университет бар. Алматыда, Батыс Қазақстан облысында және астанада. Қазір ең бірінші мақсатымыз мемлекет тарапынан тапсырыс бергенде оның тиімділігін арттыру. Себебі, білім алған студенттеріміздің көбі ауыл шаруашылығына бармай қалады. Не себепті? Көбісі ауылдан келген қыз-жігіттер. Сол себептен квотаны өзгерту, квотаны көтеру мәселелері қаралып жатыр", – деді министр.
Сонымен қатар министр кей университеттерде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша біліктілігі келмейтін мамандар білім беретінін айтып өтті.
"Одан басқа, ауыл шаруашылығы саласында мамандарды дайындайтын 12-13 университет бар. Олардың да маман дайындау сапасын арттыру қажет. Себебі, ветеринария саласын алатын болсақ, ол жақта биологтар оқытып, білім беруі дұрыс емес", – деді Ербол Қарашөкеев.
Оқи отырыңыз: Президент сауда және ауыл шаруашылығы министрлеріне сөгіс жариялады
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
329
-
0
-
10
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
303
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
281
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
297
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
267
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
255
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
229
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
260
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
263
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
238
-
0
-
0
-