Тікелей эфир

Алматыда алма бағасы бір жылда 60 пайызға жуық қымбаттады

Қазақстан алма бағасының арзандығы бойынша 104 елдің ішінде 19-орында.

Қазақстанда алма бағасы қымбаттады. Әсіресе, Алматы қаласында алманың бағасы бір жылда бір жарым есе өскен, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Алмасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 104 елдің ішінде 19-орынға жайғасты. 2022 жылдың 21 маусымындағы жағдай бойынша елде алманың келісі 1,22 АҚШ долларын құрады.

Рейтингтегі ең жақсы көрсеткіштер келесі елдерге тиесілі:

  • Молдовада алманы 1 келісі – 0,62 АҚШ доллары;
  • Украина – 0,65 АҚШ доллары;
  • Түркия – 0,68 АҚШ доллары.

Ал тізімдегі елдер ішінде ең қымбат баға Оңтүстік Кореяда тіркелді. Алманың бір келісі үшін – 6,17 АҚШ доллары. ТМД елдері ішінде алма бағасы Өзбекстан (1 кг үшін – 1,29 АҚШ доллары) мен Ресейде (2,18 АҚШ доллары) қымбат. Қазақстанда алманың көптеген түрінің болуына қарамастан, еліміз ең арзан алмасы бар елдерге жатпайды. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында алманың еуропалық сорттары қалай жеміс беріп жатыр? Фоторепортаж


2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша алма бағасы бір жылда 28,5% өскен. Сондай-ақ:

  • Алматы – 56,9%;
  • Алматы облысында – 47,3% қымбаттады.

Қазақстанда алманың орташа бағасы – 619 теңге. 

  • Ақтау – 792 теңге;
  • Өскемен – 745 теңге;
  • астанада – 711 теңге.

Керісінше арзан:

  • Қызылорда – 514 теңге;
  • Ақтөбе – 528 теңге;
  • Көкшетау – 531 теңге. 

Осы жылдың төрт айында Қазақстан Республикасына 47,5 мың тонна алма, алмұрт және айва әкелінді – бір жыл бұрынғыдан 0,5 пайызға артық. Ақшамен есептегенде, сектордағы импорт бір жыл бұрынғыдан 3,5 пайызға артып, 22 миллион долларға жетті. Жалпы, 2021 жылдың он екі айында импорт 50,3 миллион долларға 116 тоннаға жуық алма, алмұрт және айваны құрады.

Биыл сектордағы экспорт жылы өте аз. Мысалы, осы жылдың қаңтар-сәуір айларында импорт экспорттан тоннада 94,4 есе және ақшалай 75 есе асып түсті. Ал 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша импорт экспортты тоннамен 20,2 есе және ақшамен 17,2 есе басып озды.


Оқи отырыңыз: Ұн бағасы 23 пайыз өсті. Енді нан қымбаттай ма?


Сектордағы жемістердің жылдық импорты 116 мың тонна болған кезде, алманың жалпы түсімі 2021 жылы 262,8 мың тоннаны құрады – бұл 2020 жылмен бірдей. Өнімділік аздап – 0,4 пайызға төмендеп, гектарына 8,1 тоннаны құрады.

Бес жыл ішінде алманың жалпы түсімі 39,7 пайызға, он жылда – 2,3 есеге, жиырма жылда – 2,5 есеге артты. Бес жыл ішінде өнімділік 15 пайызға, он жыл ішінде – 56,6 пайызға, ал жиырма жыл ішінде – үш есе өсті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары