USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.29 / 6.41
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Алматы облысында нәрестесі шетінеген отбасы перзентхананы сотқа бермек

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дүние есігін енді ашқан сәби 5 күнге жетер-жетпес уақытта шетінеп кеткен.

Алматы облысында нәрестесі шетінеген отбасы перзентхананы сотқа беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро бағдарламасы

Сәбиінен айырылған ата-ананың айтуынша, Қарасай ауданының дәрігерлері толғағы келген келіншекке палата таппай, әйел дәлізде арбамен кетіп бара жатқан жерінен босанған. Сол сәтте шақалақ еденге баспен құлап, кейін ауыр жарақаттан көз жұмды дейді. 

Қара жамылған әулет перзентханаға тиісті жаза қолдануды талап етеді. Көптен күткен перзентінен айырылған отбасы өкілдерінің айтуынша, бала құрсақта жатқанда ешқандай шағым болмаған. Ай-күні жақындағанда келіншекті қан қысымы көтерілгені үшін дәрігерлер әуелі емханаға жатқызып, кейін перзентханаға жедел жәрдеммен алып кетіпті. Ал онда толғағы басталғанда акушер оны арбаға отырғызып, әбден уақыты таяғанда дәлізде шарқ ұрып босандыру бөлмесін іздеген. 

"Керек палата табылмаған соң уже уақыт кетіп қалды. Сол моментте жеңгем туып жіберді. Бала полға түсіп кетті. То есть коляскада. Орнында тұрғанда ұстап қалар ма еді. Бірақ жүріп бара жатқанда бала түсіп қалды. Баланы алған соң реанимацияға алып бармай, дәрігерге көрсетпей, олар баланы сразу жеңгеме бере салған. Сосын жеңгеме айтқан. Бәрі дұрыс, балада ондай болып тұрады деген. Алайда жаңа туған нәрестенің жағдайы нашарлаған", – дейді жәбірленушінің туысы Бибінұр Артықбаева. 

Осылайша дүние есігін енді ашқан сәби 5 күнге жетер-жетпес уақытта шетінеп кеткен. Кенжесін перзентхана есігінен күткен әкесі бүгінде мәйітхана қақпасын бақылап, ал анасы аурухана мен полиция бөлімшесінде әділдік сұраумен әлек болып жүр. Олар жаңа туған нәресте өліміне перзентхана қызметкерлерін айыптайды. Денсаулық сақтау басқармасы бүгінде мекемеге қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. 

"Қорытынды тұжырымдар ішкі тергеп-тексеру нәтижелері, медициналық құжаттамаға жүргізілген сараптамалық бағалау және уәкілетті сараптамалық ұйымдардың қорытындылары негізінде жасалатын болады. Барлық тексеру іс-шаралары аяқталып, түпкілікті қорытындылар алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз