Тікелей эфир

Тараз қаласындағы перзентханада жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсады

Әйел 33 жаста болған. Оның денесі жуынатын бөлмеден табылды. Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Таразда 33 жастағы жүкті әйел перзентхананың жуынатын бөлмесінде асылып өлді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті әйел жалған толғақ салдарынан бақылауда болып, тиісті ем қабылдаған. Орталықта болған кезде психологиялық ауытқуларды байқамаған. Осы қайғылы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оларды орындау Жамбыл облысы бойынша сот сараптама институтының мамандарына тапсырылды», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Оқи отырыңыз: Декреттік демалыс пен төлемақы қалай есептеледі?


 

Серіктестер жаңалықтары