Прямой эфир Новости спорта

Бала

Бала

Қазақстандық балалар

Бала – әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі.

Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сыяды. Қазақ халқы бірінші туған баланы тұңғышым, одан кейінгілерін “ортаншы”, ең соңғы туған перзентін “кенже” деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қарашаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс.

Балалар құқығы

Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. “Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті” (ҚР Конституциясы 27-бап).

Дүние жүзілік балалар күні

1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың аман-саулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде "Дүниежүзілік балалар күнін" мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы – Бас ассамблеяның 1959 жылы Балалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы – Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.