Алматы облысы әкімдігі референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібін түсіндірді

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.

Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

"Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді", – деді Мейрамгүл Айтова. 

Референдум учаскесін қалай білуге болады?

Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

  • ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;
  • бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);
  • облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;
  • Telegram-бот арқылы.

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

  • Алматы облысы – 109.
  • Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111.
  • Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29.
  • Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496.
  • Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371.
  • Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340.
  • Іле ауданы – 8 (72752) 20 892.
  • Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981.
  • Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170.
  • Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994.
  • Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284.
  • Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз