Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны – 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында – халықтың 43,3% 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%)", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жатыр мойны ісігіне қарсы вакцина. Ол бедеулікке әкелетіні рас па
Өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар саны:
- Абай обл. – 188 321;
- Ақмола обл. – 223 493;
- Ақтөбе обл. – 330 877;
- Алматы обл. – 556 114;
- Атырау обл. – 274 688;
- БҚО – 217 427;
- Жамбыл обл. – 465 492;
- Жетісу обл. – 245 056;
- Қарағанды обл. – 317 101;
- Қостанай обл. – 206 584;
- Қызылорда обл. – 335 399;
- Маңғыстау обл. – 329 613;
- Павлодар обл. – 205 030;
- СҚО – 126 424;
- Түркістан обл. – 927 107;
- Ұлытау обл. – 75 506;
- ШҚО – 182 714;
- Астана – 472 070;
- Алматы – 665 430;
- Шымкент – 497 081.