2024-2025 жылдары әлем Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең жоғары қарулы қақтығыс деңгейін бастан кешіріп жатыр. Қазіргі таңда қақтығыс жүріп жатқан елдердің саны күрт өскен. 2024 жылы әлемдегі балалардың шамамен 19 пайызы қақтығыс аймақтарында өмір сүрді. Бұл 1990 жылдармен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш. Бұл туралы ЮНИСЕФ қорының "Әлем балалары – 2025" есебінде жазылған.
БҰҰ деректеріне сәйкес, 2024 жылы қарулы қақтығыстар кезінде балаларға қатысты 41 370 ауыр құқық бұзушылық расталды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Сондай-ақ гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі келтіру жағдайлары көбейіп, бір жылдың ішінде 7 900-ден астам оқиға тіркелген. Бұл балалардың зорлық-зомбылыққа, қанауға, ауру мен ашаршылыққа ұшырау қаупін күшейтіп отыр.
"Зерттеулер кедейлік пен қарулы қақтығыстар арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. 2014-2024 жылдар аралығында қақтығысқа бейім және тұрақсыз елдердегі балалар арасындағы экстремалды кедейлік деңгейі 46 пайыздан 50,2 пайызға дейін өсті. Ал қалған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 19,9 пайыздан 11,4 пайызға төмендеген. Демек, қақтығыс аймағындағы әрбір екі баланың бірі экстремалды кедейлікте өмір сүреді, ал тұрақты елдерде бұл көрсеткіш тоғыз баланың біріне тең", – делінген ЮНИСЕФ есебінде.
USD:
517.9 / 520.9
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57

