USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 552.0 / 557.0
  • RUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

15 мамырда Қазақстанның оңтүстігінде 33 градусқа дейін ыстық болады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Кей өңірлерде шаңды дауыл мен найзағай болады.

15 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында ыстық ауа райы күшейсе, солтүстік және шығыс өңірлерде салқындық сақталады. Кей аймақтарда жел күшейіп, шаңды дауыл мен найзағай күтіледі.

Астанада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +21…+23°C-қа дейін көтеріледі. Түнде топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +20…+22°C болады.

Ең ыстық ауа райы Шымкент, Атырау және Түркістан қалаларында күтіледі. Бұл өңірлерде күндіз +30…+33°C-қа дейін ысиды.

Семей мен Өскеменде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Петропавл мен Оралда найзағай ойнауы ықтимал.

Қызылорда, Түркістан және Атырау қалаларында шаңды дауыл соғып, желдің күшеюі болжанып отыр.

Павлодар мен Қарағанды облыстарында түнгі уақытта топырақ бетінде үсік сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз