USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қазақстанда орташа жалақы 461 мың теңгеге жетті. Ең жоғары өсім қай салаларда тіркелді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда жалақы өсімі 9%-дан асты.

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңге болды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,1%-ға артқан. Нақты жалақы индексі 97,7% деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалақының медианалық мәні (орташа деңгей) 331 527 теңге болды.

"Салалар бойынша ең жоғары өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп, 20,3%-ды құрады. Одан кейін қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, су және қалдықтарды басқару саласы – 16,5%, энергетика – 14,7%, көлік және сақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% деңгейінде өскен", – делінген хабарламада.

Әлеуметтік салаларда да өсім байқалады: денсаулық сақтау саласында орташа жалақы 7%-ға, білім беру саласында 4,2%-ға артқан.

Өңірлік көрсеткіштер бойынша жалақының ең жоғары өсімі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында – 12,2%, Алматы облысында – 10,9% және Алматы қаласында – 10,7% тіркелді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз