Ислам дінінде Рамазан айы қасиетті ай болса, Құран Кәрім түскен түн – қасиетті Қадір түні. Бұл түні жасалған құлшылықтар мен игі істердің сауабы мың айдан да қайырлы деп саналады. Сол себепті мұсылмандар Қадір түнін күзетіп, ұйықтамай құлшылық етеді.
Осы орайда Информбюро порталы Қадір түнінде оқылатын дұғаларды ұсынады.
Ықылас сүресін 100 рет оқу
"Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді".
Мағынасы: "Алла біреу-ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес".
Қадір сүресін 100 рет рет оқу
"Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр".
Мағынасы: "Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні Алланың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланың рахымы мен есендігі жауады".
Салауат айту
Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет. Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Оның елшісі".
Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет. Мағынасы: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мұхаммед Оның елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін".
Астәғфируллуһ – 500 рет. Мағынасы: "Алладан кешірім сұраймын".
Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир – 100 рет. Мағынасы: "Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті".
Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға
"Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина".
Мағынасы: "Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын". (Муслим)
Алладан өзіңіз бен жақындарыңызға амандық сұрайтын дұға
"Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти".
Мағынасы: "Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! "
Қадір түнінде оқылатын арнайы дұға
"Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни".
Мағынасы: "Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр".
Күнә-қателіктеріңіз үшін кешірім сұрау дұғасы
"Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!"
Мағынасы: "Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!" (Бухари, Муслим)
Алладан кешірім өтінгенде, ең жақсысы былай деп дұға айту:
"Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!"
Мағынасы: "Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!"
Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға
"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)
"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".
Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну
"Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт".
Мағынасы: "Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ". (Бухари, Әдәбул Муфрад)
Ата-ана үшін жасалатын дұға
"Роббир-хәмһумә кәмә роббәяни соғиро".
Мағынасы: "Раббым, мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!"
Салиқалы ұрпақ сұрау
"Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и".
"Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!"
Перзент тілеу дұғасы
"Рабби һәб лии мил-ләдункә зуррийәтән таийбән, иннәкә сәмииъуд-дуъәә".
Мағынасы: "Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! Расында Сен тілекті естушісің!"
Ризық сұрау
"Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира".
Мағынасы: "Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар".
Жақсылық сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә фәуәтихәл-хайри уә хауәтимәһу уә жауәмиъәһу, уә әууәләһу уә әхираһу уә заһираһу уә бәтыйнәһу, уәддәражәтил-ъулә минәл-жәннәһ. Аллаһумма инни әс-әлукә ән тарфәъә зикри, уә тәдаъа уизри, уә тутаһһира қалби, уә тухассинә фаржи, уә тәғфира ли зәнби".
Мағынасы: "Я, Алла! Жақсылықтың бастауы мен соңын, әуелгісі мен ақырғысын, әшкересі мен жасырынын, Жәннаттағы биік дәрежелерді сұраймын. Менің зікірімді жоғарылатып, ауыртпалығымды таста, жүрегімді тазалап, әурет жерімді сақта және күнәларымды кешір".
Береке сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә ән тубәрикә фи сәмъи, уә фи бәсари, уә фи халқи, уә фи хулуқи, уә фи әһли, уә фи махйа-я, уә фи ъамәли, уә тәқаббәл хәсәнәти, уә әс-әлукәд- даражәтил-ъулә минәл-жәннәһ".
Мағынасы: "Я, Алла! Менің естуімді, көруімді, мінезімді, сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі етуіңді сұраймын, ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен Жәннаттағы биік дәрежені сұраймын".
"Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!"
Мағынасы: "Я, Алла! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ!"
Алланың разылығын сұрау
"Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә".
Мағынасы: "Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын".
Алладан Жәннатты сұрап, Тозақтан сыйынатын дұға
"Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!"
Мағынасы: "Я, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!"
Қайтыс болған адамдар үшін оқылатын дұға
"Раббәнә ғфир ләнә уәлиихуәнинәл ләз̃иинә сәбәқуунә билиимәни уәлә тәжъал фии қулуубинә ғилләл лилләз̃иинә әмәнуу раббәнә иннәкә рәууфур рахиим".
Мағынасы: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген бауырларымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір жек көрушілік қылма» дейді".
Қадір түнін қалай өткізу керек
Ислам ғұламалары Қадір түнін мынадай амалдармен өткізуге кеңес береді:
- Ғибадат жасау. Қадір түнінде Алланың разылығын алу үшін намаз оқып, құлшылықты арттыру қажет. Құптан, тарауих, тәһәжжуд, тәубе және қаза намаздарын оқуға тырысу керек.
- Құран оқу және тыңдау. Құран Кәрімді оқу, тыңдау және оны түсінуге ынта қою маңызды. Бұл Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, рухани байлыққа жетелейді.
- Салауат айту. Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның шапағатына үміттену керек.
- Уағыз-насихат тыңдау. Дін ғалымдарының уағыздарын тыңдап, сұхбаттасып, осы түннің маңызы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алу қажет.
- Тәубе мен истиғфар жасау. Алладан кешірім сұрап, қайырлы істер жасауға ұмтылу қажет.
- Алланы зікір ету және ойлану. Алланы еске алып, терең ойлану арқылы иманымызды күшейтуіміз қажет. Бұл жүректің тыныштығына және рухани дамуға септігін тигізеді.
- Дұға жасау. Қадір түнінде дұға жасау өте маңызды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл түні "Уа Жаратушы ием! Сөзсіз Сен кешірімдісің әрі кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!" деген дұғаны айтуға кеңес берген.
- Садақа беру. Қаржылық мүмкіндігіңізге қарай садақа беріп, оның қабыл болуын Алладан сұрау керек. Садақа беру – жүректі жұмсартатын және сауап әкелетін амал.
USD:
483.7 / 486.7
EUR:
554.5 / 559.5
RUB:
5.95 / 6.09
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…