Тікелей эфир

Оқушылар бірінші тоқсан аяғына дейін қашықтан оқиды. Денсаулық сақтау министрі мектептерді ашуға неге қарсы?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Қазақстанда 3,4 млн оқушы бар. Олардың 77 пайызы қашықтан оқу форматында білім алып жатыр.
Әлемде Covid-19 қаупі әлі сейілген жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Күн сайын 250 мыңнан астам науқас және 5 мыңнан астам өлім-жітім тіркеліп отыр.

"Италия, Франция, Германия, Австрия, Испания, Түркия, Ұлыбританияда соңғы айда аурудың таралуының өскені байқалды. Өзімізбен көршілес ТМД елдері арасында да өсім бар. Ресейде бүгінгі өсім деңгейі 0,5, Өзбекстанда 0,9, Тәжікстанда 0,4 пайызды құрап отыр", – деді ол.

Қазақстан бұл мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, балалар мен ұстаздардың денсаулығын сақтау үшін қашықтан оқу қажеттілігі туып отыр. Соған орай, Денсаулық сақтау министрінің нақты ұсынысы – оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан оқу форматы сақталуы тиіс.

Әрі қарай кезекші сыныптап ашылған мектептерде қанша науқас анықталғаны зерттеліп, мәселе ведомтсвоаралық комиссияда талқыланады.

Алексей Цойдың айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғау үшін жасалып отыр.

Оқи отырыңыз: "Мектептерді ашуға дайынбыз". Білім министрлігі дәстүрлі оқудың бірнеше нұсқасын ұсынды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу ісіне жұмсалған қаржы туралы қоғамда шу туғызған сұраққа тоқталды.

"Төртінші тоқсанда қашықтан оқу ісіне бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Ол кезде интернет-платформалар барлық ресурстарын ашып қойды. Төтенше жағдай режимі кезеңі болғандықтан бұл толықтай тегін жасалды. Біз әріптестерімізге өтініш жасап едік олар қолдау көрсетті. Сондай-ақ, телесабақтар да тегін түсіріліп, эфирден тегін көрсетілді. Сәйкесінше, БАҚ пен әлеуметтік желіде тараған "қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінді" деген ақпарат – өтірік", – деді ол.

Қашықтан оқу үшін оқушыларға 435 мың компьютер уақытша берілген.

"Жақын уақытта тағы да 300 мыңнан астам компьютер жеткізіледі. Олар да мұқтаж отбасыларға, балаларға берілетін болады", – деді министр.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары