USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

"Жігітті қарызға батырмау керек". ҚМДБ мәһрдің мөлшеріне қатысты түсініктеме берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мәһр – адал некенің үшінші шарты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында некенің төрт шарты жайлы баяндай отырып, қоғамда талас тудырған мәһрдің мөлшеріне қатысты түсініктеме берді. 

"Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек", – делінген ҚМДБ ресми сайтында. 

Сондай-ақ, мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, Исламда оның бір бөлігін алдын ала (мәһр муғажжәл) беріп, қалғанын кейін (мәһр муәжжәл) беруге рұқсат етіледі. 

Некенің өзге шарттары: уәлидің, яғни қыздың әке-шешесінің рұқсаты мен ризашылығы, куәгерлердің қатысуы және некелесуші жастардың арасында үйленуге тыйым салынған туыстық немесе діни кедергілердің болмауы. 

Еске салайық, мәһр – әлеуметтік желіде жиі көтерілетін тақырыптардың бірі. Ислам ғұламаларының пәтуасына сәйкес, күйеу тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады, ал "Әке еңбегі", "ана сүті" секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, тағы басқа) мәһрге жатпайды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз