USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Жалған тексеріс уәдесі: кәсіпкердің 25 млн теңгесін жымқырған күдікті қамауға алынды

Фото: migrando.de
Фото: migrando.de
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті ЭТҚ қызметкері ретінде жалған танысып, жергілікті компания басшысынан 25 млн теңгені алдау жолымен иемденген. Ол бұл қаражатты медициналық мекемені тексерілетін субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал етемін деген сылтаумен алған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Агенттік Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін атап өтті.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтық әрекеттерден сақтануға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау