Қостанай облысында тамыз айында болған жаппай оқиға кезінде қайтыс болған қыз балаға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы kstnews.kz жазды.
Сол кезде Ұзынкөлдегі Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы болған сотталушы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсеткені үшін кінәлі деп танылды. Әйел шартты түрде төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың 25 тамызында Ұзынкөл ауылының орталық алаңында Жастар күніне орай көбік кеші өтті. Қызықтың ортасында мереке қонағы тоғыз жасар қыз тоққа түсіп қалды. Жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, үш аптадан кейін қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе мектебінде 13 жастағы оқушы партаға соғылып, көз жұмды
Оқиғаны тексеру барысында құқық қорғау органдары шараны ұйымдастырушылардың қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағанын анықтады.