Тікелей эфир

"Тұрмыстық техникамыз жанып бітті". Атырау облысында тұрғындар 50 жылдан бері жарықтың дұрыс берілмейтініне шағымданды

@кімнің орынбасары бұл мәселе тиісті орындарға айтылғанын мәлімдеді.

Атырау облысы Томарлы ауылының тұрғындары 50 жылдан бері электр жарығының дұрыс берілмейтініне шағымданды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Тұрғындардың айтуынша, әкім былтыр "трансформатор орнатып беремін" деген уәдесін әлі орындамаған. Әбден тозған тоқ жүйелері несиеге алынған тұрмыстық техникаларын күйдіріп жіберген.

Әбден шығынға баттық деген көпшілік әкімнен уәдесін орындап, жаңа трансформатор орнатып беруін талап етті.

"Тоқ 1960 жылы жүрген, уже жұқарып, үзілді. Әйтеуір адам шығыны болмады. Біздікілер тек сондай жағдай болғанда қозғалады ғой. Мынаны ауыстырсын. Ақшасы желініп кетті ме, сметаға кірмей қалды ма, білмейміз. Оны әкімге айттық бірнеше рет. Электр қуаты төмен болғандықтан Дәулет Ерғалиевтің үйіндегі барлық тұрмыстық техникасы жанып, жарамсыз болып қалыпты. Алған азық-түлігіміз де көпке шыдамай бұзылып кетеді",– деді Томарлы ауылының тұрғыны Өнербек Мамаев.

Шенеуніктер ауылдағы көшелердің жартысына жаңа трансформатор қондырып, қалған бөлігіне келгенде жұмысты орта жолда тастап кеткен. Ауыл әкімінен қайыр болмаған соң, жұрт амалсыз көрші көшедегі трансформатордан электр қуатын өздері жалғап алған. Алайда оның өзі сығырайып әрең жанады. Әбден ескірген тоқ желілерінен тіпті өрт те болған дейді жиналғандар.


Оқи отырыңыз: Таразда қырықаяқ пен қандала қаптаған жатақхана тұрғындары көмек сұрады


Ал көпшілікпен кездесуге барған әкімнің орынбасары бұл мәселе тиісті орындарға айтылғанын мәлімдеді.

"Нақты себебін айта алмаймын, өйткені жақын арада тағайындалдым бұл лауазымға. Тоқ желісі бойынша бұл біздің тарапымыздан өтіп жатқан жоқ біріншіден. Екіншіден, Атырау-Жарыққа айтылды. Бригада жіберіп, тексеріп береді. Сосын мына ескі линиялар ауыстырылады құрылыс бөлімі арқылы", – деді Томарлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбек Монтаев

Серіктестер жаңалықтары