Тікелей эфир

Таразда қырықаяқ пен қандала қаптаған жатақхана тұрғындары көмек сұрады

Тұрғындар баспананы жәндіктерге босатып беруден басқа амалымыз жоқ деп отыр. 

Таразда 100 пәтерлі жатақхананың тұрғындары үйде қырықаяқ пен қандала қаптағанын айтады. Дәрімен улаған сайын көбейе түскен. Осы орайда олар жергілікті биліктен көмек сұрады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

"Қазір диван, кресло, көрпе, төсек, киімсіз қалдым. Барлығын тастаймын, киімдерімді де алмаймын. Қандала басып кеткен, дезинфекция жасаудан пайда жоқ", – деді Тараз қаласының тұрғыны Айгерім Иманбаева. 

Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрағанмен, олар бұл жағдайға араласуға міндетті емес екенін айтқан. 


Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда ірі қара малдан жаппай бруцеллез анықталып жатыр


"Бұл үйде мүліктік меншік иелерінің бірлестігі құрылған. Оның өзінің арнайы шоты болады. Сол шотқа бұл тұрғындар ақша жинауы керек. Мәслихат әр шаршы метрге 29 теңгеден деп бекітіп отыр тарифті", – деді Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің маманы Алмат Радикұлы. 

Тұрғындар баспананы жәндіктерге босатып беруден басқа амалымыз жоқ деп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары