Тікелей эфир

Түркістан облысында 7 сынып оқушысы туған әкесінен жүкті болып қалды

Қызды зорлады деген күдікпен туған әкесі қамауға алынды.

Қызды зорлады деген күдікпен туған әкесі қамауға алынды.

Жаға ұстатарлық жағдайды жеткіншектің анасы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құрсағында алты айлық шаранасы бар қыз дағдарыс орталығына орналастырылды. Полиция сұмдық оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Оқи отырыңыз: Қазақ баланы қалай тәрбиелеген? Бізге отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң керек пе?


"Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталды. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмахан.

Серіктестер жаңалықтары