Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Ата заң ережелерін іске асыруға бағытталған арнайы жарлыққа қол қойды. Құжатта негізгі бағыттар мен нақты шаралар айқындалған.
Президенттің айтуынша, алдағы уақытта Парламент қарауына бірқатар жаңа конституциялық заңдар енгізіледі. Атап айтқанда, Президент институты, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы бес заң жобасы ұсынылады. Сонымен қатар, сегіз конституциялық заңға және 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу көзделіп отыр.
"Заң шығару үдерісі алдағы Парламент сайлауымен қатар жүреді. Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін қажетті заңнамалық базаны толық әзірлеу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
USD:
482.3 / 485.3
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.75 / 5.91
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…