"Қазгидромет" 7 сәуірге арналған ауа райы болжамына байланысты Алматы қаласы мен еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағында жаңбыр, найзағай, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Кейбір өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік және орталық өңірлерде, соның ішінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Сонымен қатар тұман түсіп, көріну қашықтығының төмендеуі ықтимал.
Қарағанды мен Ұлытау облыстарында да найзағай мен тұман күтіледі. Ал бірқатар өңірлерде, әсіресе оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Кей жерлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған.
Алматы және Жетісу облыстарында желдің күшеюі мен таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Сонымен қатар жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл және Қызылорда облыстарында найзағай, тұман және екпінді жел болжанса, Ақтөбе мен Маңғыстау өңірлерінде де жел күшейіп, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуды ескертіп, алыс жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17