АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық шахмат супертурнирінің төртінші турында қазақстандық Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды sportarena.kz.
Ол ақ тастармен ойнап, FIDE рейтингінде 12-орында тұрған Швейцария өкілі Александра Костенюкті жеңді. Турнирдің алғашқы кезеңдерінде Бибісара Асаубаева үш рет қатарынан тең нәтиже тіркеген болатын.
- І тур – Украина өкілі Анна Музычукпен тең түсті;
- ІІ тур – Үндістандық Вайшали Рамешбабумен ұпай бөлісті;
- ІІІ тур – АҚШ шахматшысы Элис Лимен тең ойнады.
Оқи отырыңыз: "Информбюро" телебағдарламасы өзінің 30 жылдығына орай Алматыға шахмат алаңын сыйға тартты
Төртінші турдағы жеңіс қазақстандық спортшыға турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Төрт турдан кейінгі турнир кестесінде:
- Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;
- Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;
- Дивья Дешмукх (Үндістан) – 2,5 ұпай;
- Ставрула Цолакиду (Грекия) – 2,5 ұпай;
- Элис Ли (АҚШ) – 2,5 ұпай.
Айта кетейік, Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.