USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Оған дейін бұл лауазымды Айбек Дәдебай 2024 жылғы ақпаннан бері атқарды.

Президент Қасым-жомарт Тоқаев Роман Склярды Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. 

Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған. 

2011-2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жж. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті.  

2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жж. – инвестициялар және даму бірінші вице-министрі. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз