USD: 475.3 / 478.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

ҚМДБ жалға берілген жердің ұшырына қатысты үкімді жария етті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ұшыр – жерден шыққан өнімдерден берілетін зекет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында жалға берілген жердің ұшырына қатысты материал жарық көрді. 

Ұшыр (оннан бірі) – жерден шыққан өнімдерден берілетін зекет. Жер өнімдерінен (егін және жеміс-жидек) зекет беру – парыз.

Егін егу мақсатында жерді басқа біреуге берудің екі түрі бар:

  • Белгілі бір ақыға жалға беру (ижәра). Бұл жағдайда жер иесі алдын ала келісілген төлемді алады, ал шыққан өнімнен ешқандай үлес алмайды.
  • Өнімнен үлес алу шартымен беру (музараға). Мұндай жағдайда жер иесі нақты ақы алмайды. Алынған өнім алдын ала келісілген үлес бойынша жер иесі мен диқан арасында бөлінеді.

Имам Әбу Ханифаның пікірі бойынша, жалға берілген жердің ұшыры жер иесіне жүктеледі. Ол ұшырды жалдау ақысынан береді. Себебі жер егін арқылы қалай өнім берсе, жалға беру арқылы да экономикалық пайда (нәмә, өсу) әкеледі. Демек, жалдау ақысы өнім секілді (жердің табиғи емес, шариғи тұрғыдан мойындалған өсімі сияқты) мақсатқа ие болады. Сондықтан ұшыр жердің иесіне жүктеледі.

Ал имам Әбу Юсуф пен имам Мухаммедтің, сондай-ақ көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша, ұшырды жалға алушы береді. Өйткені ұшыр жерге емес, одан алынған өнімге байланысты. Ал өнім толықтай жалға алушыға тиесілі, сол үшін ұшырды төлеу соның міндеті болып саналады.  

Егер жалдау ақысы шамадан тыс жоғары болып, жалға алушыға айқын зиян келтірсе, ұшыр жер иесіне жүктеледі.

Ибн Абидин: "Егер жалдау ақысы (ұшыр мөлшерінен бірнеше есе жоғары бағамен) толық алынатын болса, пәтуа имамның (Әбу Ханифаның) пікіріне сәйкес беріледі. Ал мұндай жағдай орын алмаса, пәтуа екі имамның (Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің) көзқарасына сай беріледі", – деген.

  • Егер жер өнімнен үлес алу шартымен берілсе, ұшырды жер иесі мен диқан өз үлестеріне қарай төлейді. Яғни әрқайсысы өзіне тиесілі өнімнен ұшыр береді.  
  • Егер жер ақысыз түрде (жақсылық жасау, туыстық қарым-қатынасты сақтау секілді мақсатта) берілсе, ұшыр жерді пайдаланушыға жүктеледі. Ал жер иесіне ешқандай міндет артылмайды.

Шешім:

  • Жалға берілген жердің ұшырын жалға алушы береді. Алайда жалдау ақысы шамадан тыс жоғары болып, жалға алушыға зиян келтірсе, ұшыр жер иесіне жүктеледі.
  • Өнімнен үлес алу шартымен берілген жердің ұшырын жер иесі мен диқан өзара үлестеріне сәйкес төлейді.
  • Ақысыз берілген жердің ұшырын жерді пайдаланушы береді. 
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз