ҚМДБ Ғұламалар кеңесі дипфейк жасауға қатысты пәтуа шығарды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ислам ғылым мен технологияның дамуына тыйым салмайды, бірақ ол тек игі мақсатты қолданылуы тиіс.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының Ғұламалар кеңесі дипфейкке қатысты өз пәтуасын шығарды, деп хабарлады ҚМДБ ресми сайты

Дипфейк – жасанды интеллектті қолдану арқылы жалған бейнежазбалар жасау технологиясы. 

Ғұламалар кеңесінің хабарлауынша, Ислам діні ғылым мен технологияның дамуына, жаңалық ашуға тыйым салмайды. Алайда бұл даму адамзат игілігіне, әділеттілікке, адамгершілікке негізделіп, шариғаттың аясында жүзеге асуы тиіс. Сондықтан кез келген технология игі мақсатта қолданылса – рұқсат, ал жамандыққа, зиянды мақсатта қолданылса тыйым салынады.  

"Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп, қоғамға залалын тигізеді. Ал ислам діні адам өмірінің қауіпсіздігін ең маңызды мақсаттарының бірі ретінде қарастырады. Тіпті қалжың түріндегі қорқытуға да шариғатта қатаң тыйым салынған", – делінген хабарламада. 

Ғұламалар кеңесінің қорытынды шешімі бойынша, Дипфейк технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жалған ақпарат таратуға, адамдарды алдауға шариғатта тыйым салынады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары